Азығым

Бұл бетте «Азығым» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 667
Сырласым да,
Мұңдасым да,
Шын досым да —
Ән мен елең,
Сендер болсаң,
Кіл қасымда,
Жалқы жаным
Етпейді елең.
Сендер болсаң,
Күй бабында
Шалқиды асқақ
Толғап терең!
Сендер болсаң,
Аймағымда
Тоғысқан тек
Нұрды көрем!
Өмір деген
Ұзақ жолда
Азығым сен,
Ән мен өлең!
Сені дәйім
Ту ғып қолға
Шырқай берем!
Шырқай берем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Азығым өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Азығым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Азығым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Азығым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері