Демеймін жалын да мен, лапыл да мен – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Демеймін жалын да мен, лапыл да мен» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 718
Демеймін жалын да мен, лапыл да мен,
Демеймін жанартаудай атылмақ ем. 
Арындап аспанға ұшып, айды құшып,
Демеймін найзағайдан от ұрлап ем.
Мен жай бір шымырлаған бұлақ көзі,
Қатпайтын қысы-жазы құрғап көзі.
Ием халық аялар, көзімді ашар,
Жағада жасыл мақпал құрақ та өзі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері