Кілт – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Кілт» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1061
Кілт дейміз!
Кілт кеп қой өмірге.
Тіпті өмір сүруің өзі кілт.
Ақ қанат,
ақ жарқын көңілге
Түсірмей ақ мендей үзім бұлт.
Жер өзі адаммен ғана ғой,
Адамсыз өлі ғой табиғат.
Ол сені оятар,
салар ой,
Бірақ кілт адаммен табылмақ.
Тұрса өмір жақсы мен жаманнан,
Бір ісін біріне қырын ғып.
Бәрі де адамнан таралған,
Тек адам бәріне мұрындық.
О адам!
Сен үлкен сезімсің,
Ақылсың,
сабыр мен төзімсің.
Өмірдің сарқылмас көзі үшін
Бәріне мықты кілт өзіңсің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кілт өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Кілт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кілт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кілт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері