Көкдөнен көңіл – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Көкдөнен көңіл» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1019
Әндетемін кейде асқақ көңілменен,
Ақ сәуледей бұлтқа әсте көмілмеген,
Саясында жан табар рахатын
Шынардаймын жапырағы төгілмеген.
Кейде түйір дәндеймін егілмеген,
Гүлмін бірде қыз бұрымға өрілмеген,
Ауыздығын қарш шайнап көкке орғыған
Асау тұлпар арбаға жегілмеген.
Мәуелі бақ жемісі терілмеген,
Шырынымын қыз тілден өбілмеген.
Кейіп әсте кермеген мұңсыздаймын,
Көз жасына кірпігі көмілмеген.
Үкім айта келгенмін өмірге мен,
Уысымда мынау жер-өңір деген...
Қартаймаған, ешқашан көнермеген,
Осы-ay шіркін, көкдөнен көңіл деген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкдөнен көңіл өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Көкдөнен көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкдөнен көңіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкдөнен көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері