Біреу

Бұл бетте «Біреу» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 562
Көтеріліп, қомақтанып,
Қоқиланып келесің
Жақсылардың жақсысы деп
Тек өзіңді көресің.
Судыр сөзге шешен-ақсың,
Дәйім әзір кеңесің.
Қас жүйріктер сайыс құрса,
Көрінбейді елесің.
Түймедейін өзге жұрттың
Түйедей ғып тересің.
Осымен-ақ сен өзіңнің
Жайынды айтып бересің.

1961 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біреу өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Біреу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біреу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біреу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері