Даңғыл жол болмаса да қалар ізі – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Даңғыл жол болмаса да қалар ізі» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 638
Даңғыл жол болмаса да қалар ізі,
Қауымға қаймықпай-ақ қарар жүзі.
Адамын тізіп, тере бастағанда,
Қазақтың мен де ауызға алар қызы.
Жаңғыртып жеті жаста жердің үстін,
Ән қостым дауысына ұшқан құстың.
Сол әнмен жеңілдетіп шерлі шерін,
Сол әнмен қуанышқа от қоса түстім.
Көтеріп ән мен күйдің нулы орманын,
Елімнің той-думанын мен қолға алдым.
Теңіз қып толқытатын тыңдағанды
Жауқазын жаңа ашылған жыр толғадым.
Дария ақыл болмасам да, көкірек дана,
Болғам жоқ бір әншейін ерге қара,
Жарқ етіп қайда салсаң, жарып шықтым,
Дегем жоқ мынау қала, мынау дала.
Ортама болғаным жоқ және ала,
Көппенен жарты дәнді жедім жара.
Өзіме тартқан сіңлім дер еді-ау
Тіріліп келсе бір сәт ақын Сара.
Мақтан сөз көкейіме қонып кетіп,
Тұрғам жоқ өзімді-өзім көрікті етіп.
Ғафу ет, өз оқушым, жазғанымды
Әншейін бір сәт көңілім толып кетіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Даңғыл жол болмаса да қалар ізі өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Даңғыл жол болмаса да қалар ізі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Даңғыл жол болмаса да қалар ізі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Даңғыл жол болмаса да қалар ізі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері