Қадам – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қадам» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 624
Кейбіреу тағдырына шағынады,
Кейбіреу мәңгі соған табынады.
Қадамын шалыс басып, тірлігіне
Лағынет айтушы да табылады.
Осылай парлап кезден жас таматын
Немесе бақыт қағар жас қанатын
Болса да,
қадам біткен әркімге тән
Тәрізді адамдықтан басталатын.
Қадам бар басталатын еркелеп те,
Қадам бар із қалдырар ертелеп те,
Қадам бар басталатын ішімдіктен,
Баста деп солай біреу желкелеп пе!
Қадам бар ілгерілі-кейінді де,
Қадам бар аңыз болған кейінгіге.
Тізгінсіз жаралған жоқ дүниеде
Қолына ала білген пейілдіге.
Қадам бар әдіпті де, аршынды да,
Қадам бар қағып өтер алшыңды да.
Осылай десек тағы қырсық, кеміп,
Қисықтан дүние тегіс аршылды ма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қадам өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қадам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қадам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қадам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері