Түн құлазып – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Түн құлазып» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 578
Түн құлазып,
тәрізді тұлдыр жазық,
Мен құлазып
сабырды етем азық.
Ұйқы алмай тілімді
қажытқан соң
Мақпал түнге
ойымды тұрмын жазып.
Маужырайды мамыр түн
мүлгіп маңай,
Жарығы жоқ
тәрізді күңгірт сарай.
Жаудыр түнге,
жарқын ой тұрмын жазып.
Түн жылжиды
өйткені, таңға қарай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн құлазып өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Түн құлазып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түн құлазып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түн құлазып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері