Таласпан – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Таласпан» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 589
Жүрсем де үйімде мен табақ тасып,
Келемін түзде өзіңмен қанаттасып.
Қарайсың жерді сызған көйлегіме,
Көзіңді көтере алмай ойлы өңіме.
Қарайтын аяғыма дұшпан ба едің?
Әлде мен қыс боп сені қысқан ба едім?
«Танымас күш атасын» болса егер,
Бөліп ап әйел, ер деп келмейді өнер.
Ерде күш, әйелде айла сан белдескен,
Өткір сөз осал ма екен наркескеннен!
Намысын өзі қорғап сен дескеннің,
Несі ерсі жымсып жүріп ар кешкеннен.
Ендеше өнерді айт, адамдықты айт,
Әділді, жарға жықпас адалдықты айт.
Тырсиып, тілін жұтып, нарға жүксіп,
Жүргеннен сақтасын да бықсып, бүксіп.
Таласпан өлім білмей биікке мен,
Тер төкпей жымсып, жылжып биіктемен.
Адамға еңбекпенен биіктеген
Табынам әр басымды иіп темен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таласпан өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Таласпан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таласпан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таласпан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері