Сегізінші март! – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сегізінші март!» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 2
  • 5968
Сегізінші март!
Март айының сегізі –
Біздер үшін жылы лебіз теңізі.
Саралатып, салмақтатып сан қырын,
Ойлантады теңіз сөздер негізі.
Әйелдерге бұл күн өлең арналып,
Аталамыз «мықты қауым, нар халық».
Шыққан биік, білім, ақыл-парасат
Көгенделіп, тізіледі баршалық.
Бұл күн әркім жан-жүрегін ақтарып,
Жүзін мөлдір шық жууға шақ қалып...
Шоқ жұлдыз боп аспанында Шығыстың
Мәртебеміз биіктейді мақталып.
Бұл күн бізге шоқ-шоқ гүлдер сыйлайды,
Барлық асыл сөзді теріп жинайды.
Бар биікті бізге беріп бұл күні,
Ертеңінде төмпешікті қимайды.


Пікірлер (2)

Мұрат

Керемет

Аяла

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сегізінші март! өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сегізінші март! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сегізінші март! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сегізінші март! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері