Ақын – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ақын» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1427
Ақында Ілиястан кім аса алған,
Мың бұлбұл көкірегіне ұя салған.
Табиғат жомарттықпен алуан сырлы
Өнерден сом тұлғасын құя салған.
Бар тыныс, барша демі, жаз көркімен,
Арлы ұл, ару қызын өз еркімен
Сайратып,
сан ғасырғы сонау байтақ
Даланды көз алдыңа қаз кетірген.
Тоты күй тоқсан тарау көз ілмеген,
Бірде асқақ, бірде нәзік сезімменен,
Бағынып ақындықтың құдіретіне
Жосылып жыр жолында безілдеген.
Ақын ол ел тұлғасын биіктеткен,
Ақын ол өр тұлғасын сүйікті еткен.
Ақын ол ескерткішін өзі қойып,
Арманды өмір жолын түйіп кеткен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ақын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері