Кездесу – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Кездесу» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 727
Бір кезде менің дағы ұям еді,
Биікке жетелеген қиял еді.
Бүгін біз уақыттың құзырымен
Құрметті дружинаның пионері.
Мойныма таққан сәтте галстугін,
Сезіндім балалықтың бал ыстығын.
Оралып келіп біраз аялда дер
Әттең жоқ уақытпен таныстығым...
Шіркін-ай, келсе ғажап ғайып бастап,
Бала күн балғын жанын жайып тастап,
Атағы, лауазымы, дәрежесін
Сақаң да жібермекші айырбастап.
Пәк көңіл, қанатты арман қиялдаған,
Бал шырын балалықты қияр ма адам!
Апаңа жас достарым, кешірім ет
Кездесіп кейінгісін қия алмаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кездесу өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Кездесу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кездесу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кездесу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері