Күту – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Күту» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3886
Орындап жүрек пенен Ар әмірін,
Ортама күншуақтай тара, нұрым.
Күттірме!
Өзіңнің де жаутаң-жаутаң
Күтумен өткен жоқ па бар өмірің?
Жетімнің жана қояр қайдан бағы?!
Қуаның алыс еді Айдан-дағы!
Күндіз-түн поштабайдың жолын бағып,
Хат күттік әкемізден майдандағы.
Біз үшін бәрі жырақ
Бәрі қашық.
Бүктеліп жаттық талай қарын ашып.
Жұмыстан күттік ылғи шешемізді,
Жеңісті бес жыл күттік арып-ашып.
Көрмедік ондық ұтып,
Жүздік ұтып.
Бұл тағдыр алды талай бізді мытып.
Одан соң өте шықты жастығымыз
Өзіміз өліп-өшкен қызды күтіп.
Жарасы жаралы елдің жаңа бітіп,
Жоқтықты келе жатты Дала ұмытып.
Одан соң шаш ағарды
Еңбегіме
Үлкеннен лебіз күтіп,
Баға күтіп.
Уақыттың мінезі бар кеміретін,
Тозды ғой не бір пима,
Не бір етік.
Жүлде бар,
Абырой бар,
Юбилей бар,
Барады күтуменен өмір өтіп.
Көрерміз не болса да бағымыздан.
Жарылдық шынын айтып ағымыздан.
Күткенің кешіккенде,
Күтпегенің
Келе ме ойламаған жағымыздан?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күту өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Күту өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күту өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күту өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері