Өзің бе дедім жыр көзін – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Өзің бе дедім жыр көзін» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 648
Ежелгі таныс досымдай,
Еркіндеп келіп құштың сен.
Толқуын жүрек жасырмай,
Бауырына мені қыстың сен.
Дос жайса ыстық құшағын,
Еркінде қалар қандай жан.
Тәтеме өзің ұқсадың
Сүйген бір сәтте маңдайдан.
Жүректі жарып шықты да,
Өңіңнен жылы леп есті.
Жаныңды жаным ұқты да,
Ойыңмен ойым кеңесті.
Құрбыдай тату ұғыстық,
Айтылмай сырлар қалмады.
Өлеңнің ортақ туы ыстық
Арман мен бізді жалғады.
Жаз екен сенің күнің де,
Жаз екен байтақ танабың.
Жаз екен мақпал үнің де,
Жаз екен жарқын қабағың.
Ашхабадтың күніндей
Жайдары ашық мінезің.
Шымырлап жатқан білінбей,
Өзің бе дедім жыр көзін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзің бе дедім жыр көзін өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Өзің бе дедім жыр көзін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзің бе дедім жыр көзін өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өзің бе дедім жыр көзін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері