Ойланшы – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Ойланшы» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3433
Күнді сүйем дейміз ғой жаурағанда,
Жаңбырға да ынтықпыз жаумағанда.
Күннен безіп қызынсақ құбыламыз,
Жаңбыр жауды - ақ зонтикке тығыламыз.
Сәл ашықсақ шыдамсыз бимазамыз,
Сәл тойынсақ ауырлап қиналамыз.
Күшейсе - ақ әлсізді жаралаймыз,
Әлсіресек күштіні паналаймыз.
Осындайлар көп емес, сирек дейміз,
Көп дегенді кінәлап, күйрек дейміз.
Жақсыларға тізгінді билетпейміз,
Сонда кімге жөн-жосық үйрет дейміз?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ойланшы өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Ойланшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ойланшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ойланшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері