Жеңеше – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Жеңеше» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2274
Терезесі күн бетте,
Жеңешемнің үйі кең.
Сырласады менімен:
«Жазбақ едім бір сәлем.
Жәрдем берші, өлеңмен.
Үй оңаша, уақыт кең
Кел жазайық, кел бермен».
Жақын барып отырдым,
Жеңешемнің қасына.
Жеңешем алды қаламын
Столына асыла –
«Алыстағы жарыма»
Деп жазыпты басына.
Жеңешемнің жарына,
Не жазарын білдім мен,
Жарылғандай жүрегім,
Қуанышпен күлдім мен.
Туды жаңа бір өлең
Кең дүниедей көңілден.
Жылдар өтер, күн өтер,
Кемпір болар жеңгетай.
Мен де жас боп тұрмаспын
Шал атанбай, қартаймай.
Сол күнде де көріссек,
Ақтарылар сыр қалмай,
Сол күндерге өлеңім,
Жетер бірге кір шалмай.
Жаңа заман көрмесі
Орын берді өлеңге.
Кел, ақындар, жолдастар,
Тиейік өлең вагонге!
Қант пенен шай, сабындай,
Жеткізейік бар жерге.
Өлең керек жеңгейге,
Өлең керек бар елге!

1936


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеңеше өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Жеңеше өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеңеше өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеңеше өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері