Балама

Бұл бетте «Балама» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.03.2018
  • 0
  • 0
  • 5651
Есің де кірді, есейдің, балам,
Ертеңге барар ашылды жолың.
Әке деп маған болмай-ақ. алаң,
Таба бер енді құрбыңның тобын.
Көп емес ақылым артылар саған,
Не керек бекер білгірлік айтып.
Азаймаса екен мейрімің маған,
Келгенде ұзақ жолдардан қайтып.
Ағаны сыйла ағарған шашы,
Аңдамай кейде тимесін тілің.
Үлкеннің шашы - менің де шашым,
Есіңе сақта, осыны, күнім!
* * *
Кедеймін деп қиналма,
Кедейлік демде етеді.
Қуанба дүние жиғанға,
Сүйгенің болса жетеді.
Атаққа, даңққа алданба,
Басыңнан о да өтеді.
Қинаса жауың қорланба,
Сүйгенің болса жетеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балама өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Балама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері