Ауырған кезде

Бұл бетте «Ауырған кезде» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 849
Отқа тастағандай
Денем күйiп барады.
Байлап қойғандай
Аяқ-қолдарым
Киiздей болып ұйып барады.
Аспан аунап,
Қара жер
Аударылып бара жатқандай.
Күн дегенiң
Батыс жақтан шығып,
Шығыс жаққа батқандай.
Көзiмдi жұмсам
Қорқынышты елес көремiн:
Домалап бара жатқан
Дөңдер мен дөңес көремiн.
...Бұл сырымды
Ешкiмге ашпаған едiм, –
Арқан-жолдармен
Ұлы Даламды
Шаңдып тастаған едiм.
Қаптаған бiреулер кеп
Сол арқандарымның
Түйiнiн шешiп жатыр.
Шешiлмегендерiн
пышақтарын жалаңдатып
Кесiп жатыр.
Құртып жатыр.
Қырқып жатыр.
Даламды жалба-жұлба қып
Жыртып жатыр.
Құдай-ау,
Ара түсетiн
Ешкiмнiң жоқ болғаны ма?!
Денем күйiп барады.
Суық дүниенiң –
Кенеттен! –
От болғаны ма?!
Тағы да не боп кеттi?
Қаптаған бiреулер шығып
Тауларымды төңкерiп
Қазынасын
Тонап алып жатты.
Құмырсқадай қаптап
Талап алып жатты.
Ешкiмнiң үндемейтiнi несi?
Тұсауы жоғалса
Сыбап жататын адамдардың
Ең болмаса
Тiлдемейтiнi несi?!
Тырнақтарынан
Қан сорғалаған бiреулер
Өзендерiмнiң
Алқымынан қысып
Буындырып жатыр.
Тырп еткiзбей
Қылғындырып жатыр.
Мен де буынып тұрмын.
Мен де қылғынып тұрмын.
Денем күйiп барады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауырған кезде өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ауырған кезде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауырған кезде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауырған кезде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері