Кәдімгі өздеріміз туралы – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Кәдімгі өздеріміз туралы» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2455
I
Бір өре киізді төсеніп,
Бір өре киізді жамылып,
Жатушы ек жалаңаш жетімдер,
Жаздағы шуақты сағынып.
Сыртта жел ысқырып іңірде,
Әйнектер сықырлап қыраудан,
Қаланың жарықсыз түнінде,
Жылайтын теректер қуарған.
Жатушы ек жалаңаш жетімдер,
Шыға алмай жамылған киізден.
Қорқушы ек ашулы аяздан,
Сүзетін сүңгілі мүйізбен.
Беруші ем бойымның жылуын
Өзіммен бір жатқан жетімге.
Алушы ем оның да жылуын
Айрылмас туыс боп кетуге.

II
Сондағы сәбилер бірге өстік,
Көктемнің көгіндей жетілдік.
Жоғалды көрген түс секілді
Жаураған жаны ауру жетімдік.
Міні, енді тірілер келеміз,
Жұлып жеп жылдарын ғасырдың.
Сан рет жайылдым, ашылдым,
Сан рет жиналдым, шашылдым.
Міні, енді тірілер келеміз,
Күндерін бұтарлап ғасырдың.
Сан рет тасыдым, басылдым,
Сан рет тағдырға бас ұрдым.
Көп есту жақпайды адамға,
Күңіренген жаназа күйлерін
Бір мінез жабысты маған да:
Жалпақтау...
Ажалдан имену...
Қаншасын жоғалттым құрдастың,
Кейде таусылған секілді...
Қанша рет қайнаған көз жасым
Күйдіріп таңбалап бетімді...
Тірілер әлі де бар екен,
Сынбаған сұмдықтар күнінде.
Мінеки, сол қарттар мыналар,
Жетіпті кешеден бүгінге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кәдімгі өздеріміз туралы өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Кәдімгі өздеріміз туралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кәдімгі өздеріміз туралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кәдімгі өздеріміз туралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері