Жаңақорған – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жаңақорған» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.08.2021
  • 0
  • 0
  • 822
Ізгілікті тудай тігіп,
Кем-кетікке пана болған.
Сәттеріңнің құрметіне
Атандың ба Жаңақорған?
Жаралыға жан ұшырған
Болдың ба әлде пана, қорған?
Қыршын жанды сақтадың ба
Алдындағы ғазап, ордан?
Болыстың ба жалғыз – жарым
Саяқ жүрген жолаушыға?
Олжалауға бермедің бе
Жол күзеткен тонаушыға?
Мейлі не үшін берілсе де.
«Қорған» деген атын жақсы.
Адамдардың бақытына
Нағыз қорған болып бақшы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңақорған өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жаңақорған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңақорған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңақорған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері