Бестау – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бестау» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.08.2021
  • 0
  • 0
  • 572
Тау таңсық па көк мұнар бұлдыраған,
Манауратып маңайын нұр құлаған
Алатаудың мен келдім аясынан
Бүйірінен аспанның бұрғылаған.
Өзге сырың тартатын мені Бестау,
Баурындағы ботакөз шипа бастау,
«Провалың» тағы да ақпандағы
Жалтыр мұздан ойылған тәрізді астау.
Тағзым етпей тарамас ғашық қауым,
Назарымды баураған Машук тауың.
Сұлу сазды «эол арфасынан»
Тарап,
Кавказ шыңынан асыпты-ау үн.
Бестау!
Бестау, тіккен бес шатырдайсың,
Тұла бойың толған сес, батылдайсың.
Дерт шипасы ботакөз бұлақ қыздар
Күзетінде тұрған бес батырдайсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бестау өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Бестау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бестау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бестау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері