Тақия – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тақия» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1834
Зер төккен, бұрын қыздар армандаған
Тақия сыйладың сен арнап маған.
Қазақта қадірі ерен бас киімнің,
Маған да ештеңе жоқ ардақты одан.
Ат, атан сыйлығыңмен ол барабар,
Жүреді тон орнына қол орамал.
Шешеді сүйіншілеп бас киімді,
Хабары жақсылықтың басқа қонар.
Жерге әсте бас киімді тастамайды,
Әрісі жастық етіп жастамайды.
Сыйлайды сирек, қимас досқа ғана,
Беруді бастан киім қостамайды.
Босаға емес, оны төрге іледі,
Бейсауат басып өтпес жерге іледі.
Танытар бас қадірін, дос қадірін,
Халықтың ғұрпы қандай мөлдір еді!
Бар қауым бұл ғұрыпқа ұйып өтті,
Қазаққа дос қадірін сүйікті етті,
Төрімде зер тақияң азиз досым,
Жанымды Алатаудай биіктетті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тақия өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Тақия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тақия өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тақия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері