Самарқан – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Самарқан» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 988
Сары арқада жасыл жайлау, самал тан.
Нұрындайсың сырлы, зерлі, Самарқан!
Құшағыңа құлай келіп тоғысты,
Саған іңкәр сан жүректе сан арман.
Өзіндегі ажар қандай, сын қандай!
Күмбездерін күннен қиып құрғандай.
Сарайларың сан ғасырдың сырларын
Жазған хаттай жайып салып тұрғандай.
Тәріздісің мүдірмес бір шежіре,
Төтеп берген уақыттың тезіне.
Сен арқылы бетпе-бет кеп қараймын
Сол беймаза көне дүние көзіне:
«Бибі ханым», «Регистан», «Шах зында»,
Самарқанның көк тасынан тақ мұнда.
Қалдық қайран сиқырына, сырына,
Өз баласын жауықтырған тақтың да.
«Әмір көрі» мұнарасын айға арта,
Айналаға сұс шашады ойланта.
Мандайыңнан шығарады суық тер
Желкелерді қиып өткен ай балта.
Хандар анау басқан жері әлі ызғар...
Ұлықбектей ғалым салған сан із бар.
Мекен еткен тағы талай тағдырды
Толғайтұғын көп хикая, аңыз бар.
Өлмес өнер иелері жаны ізгі
Қыршын кетті, қабырғаңда дәм үзді.
Өзі емес, өнер үшін ғажайып
Ескерткішін қойып кеткен тәрізді!
Соны сонар екен сенің аймағың...
Жан тынғандай орындалып ойдағың!
Көріп көзбен иықтанып қалдық біз
Кене шығыс өнерінің айғағын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Самарқан өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Самарқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Самарқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Самарқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері