Пентидато – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Пентидато» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 547
Қарабұжыр, Қалбаның
көгалына аунаған
Білесіздер, ағайын,
таңсық емес тау маған.
Көп назарын аударды
Апеннинде бір биік.
Кескінімен өзінің
бес саусақтан аумаған.
Барлағанға мәні бар
мұның көңіл бұрғандай,
Қына да жоқ бетінде
жап-жалтыр тау сұр маңдай.
Пентидато грекше —
бес саусақ тау,
біздердей
Жолаушыға ағылған
ізет жасап тұрғандай.
Қарсы ала ма өзінше,
көш деп қолын бұлғай ма!
Пентидато себеп боп,
әкелді бұл түрлі ойға:
Жұмыссыз көп босқынға
қалаларға шұбырған
Түсірме деп иықты,
әлде, жігер шындай ма!
Ауыл біткен маңында
қаңырайып бос қалған.
Босқындарды жосыған
қандай тағдыр тосты алдан.
Қос қолына бір күрек
таппаған көп қыршындар
Үміт бастап, кім білсін,
келешекке қосты арман.
Көлеңке күн тоғысқан
осы таудың боз ала
Бетіндей ел ала көз
келе жатқан өз ара.
Көктен тілер ежелгі
дініне сай салтымен
Бес саусағын тауы да
көкке қарап соза ма!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пентидато өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Пентидато өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пентидато өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пентидато өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері