Көкте бұлт сөгілсе – Бұқар жырау

Бұл бетте «Көкте бұлт сөгілсе» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 1
  • 11059
Көкте бұлт сөгілсе,
Көктеп болмас, не пайда;
Көкіректен жан шықса,
Қайтып келмес, не пайда;
Дін пұсырман болмаса,
Тіл пұсырман не пайда;
Қызда қылық болмаса,
Құр шырайдан не пайда;
Ерге дәулет бітпесе,
Шүлдіреген қызыл тілден не пайда;
Мал араға түспесе,
Құр айтқаннан не пайда;
Байдан қайыр кеткен соң,
Мал да кетер, не пайда?!


Пікірлер (1)

Найман

Бұқара атамыздың шумақтары емеспа?

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкте бұлт сөгілсе өлеңінің авторы кім?

Бұқар жырау — осы өлеңнің авторы.

Көкте бұлт сөгілсе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкте бұлт сөгілсе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бұқар жырау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкте бұлт сөгілсе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері