Қара арғымақ арыса – Бұқар жырау

Бұл бетте «Қара арғымақ арыса» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.11.2015
  • 0
  • 1
  • 14086
Қара арғымақ арыса,
Қарға адым жер мұң болар.
Есіл көзден нұр тайса,
Бір көруге зар болар.
Бетпақты сайға су түссе,
Атың арып келгенде
Өткел бермес кешерге.
Қайырсыз итке мал бітсе,
Аңқаң құрып келгенде
Саумал бермес ішерге.
Жаман болса алғаның,
Һәммәтлі туған есіл ер,
Киім тіксе ол қатын,
Жалғасы кетер көнтиіп,
Етегі кетер салпиып,
Үлгі болмас пішерге.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Айым

Өте керемет

Осы автордың басқа өлеңдері