Ниетінен табады – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Ниетінен табады» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2675
Азаматың болса елде көшелі,
Қиналғанда, жол табады деседі.
Ақылдының айтқанымен жүрсек біз,
Сонда ғана өркеніміз өседі.
Жақсылардың жүрегінде алау бар,
Тым алыстан «мен мұндалап» жалаулар.
Қастық ойлап жүрер дәйім оларға,
Зұлымдықтың зәрін ішкен қараулар.
Ұсақ жандар көре алмайды дараны,
Озбасын деп аяғынан шалады.
Жаратқанның жалпы есебі дұрыс қой,
Қай адам да ниетінен табады.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері