Бір ауыз сөз кеудеме құйынды алып – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бір ауыз сөз кеудеме құйынды алып» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 588
Бір ауыз сөз кеудеме құйынды алып
Кіргізгендей жанымды үйірді анық.
Соқыр, саңырау,
мылқау боп жүрсең-дағы
Өмір сүру барады қиындалып.
Ал осы сөз дейсің ғой шықты қайдан
Атын естіп айтқанның қалдым қайран.
Ел тағдырын ойлайды деген сабаз
«Анау» ма еді ысқырып өсек жайған.
Пасықтармен маңайын қоршап, орап
«...Изм» — тіркеп өз халқын жауша тонап.
Қулық-сұмдық,
айла-амал,
өтірік-өсек
Жатады екен маңынан қарша борап.
Өтіп жатыр не амал құйғып күнің
Қас-қабағын баққанша биліктінің
Қаза жеткен көп артық шығар, достар,
Күйкілікпен өткенше бүйтіп күнің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір ауыз сөз кеудеме құйынды алып өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Бір ауыз сөз кеудеме құйынды алып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір ауыз сөз кеудеме құйынды алып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір ауыз сөз кеудеме құйынды алып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері