Ұлтым десем шығасың саққа жорып – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ұлтым десем шығасың саққа жорып» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 714
Ұлтым десем шығасың саққа жорып,
Бейкүнәға күйені жақпа, қорық...
Мен намысын жоқтасам несі айып,
Көл жағасын жүрмей ме қызғыш қорып!
Қызғыш құрлы болмасам, бұл өмірге
Неге келдім сол ұлттың қызы болып?
Әр көлдің өз қызғышы болмай ма екен
Жүретұғын ен жайлап, еркін қонып!
Мен басымнан не өттім білемісің?
Көтере алмай салмағын тіреуішім
Сынып, шаңырақ шайқалып түскен талай,
Табылмаған тірі жан сүйеу үшін.
Сан асудан бірге асқам жол ұшқасып,
Қан майданға да кіргем қол ұстасып.
Қара орманын Сібірдің Надеждамен
Бірге кешкем айтам деп ойымды ашық.
Кей ұғыммен кезінде майдан ашып,
Бас қойғанмын құдама айдан ашық.
Оң аяқпен кір дегем келініме,
Жүрегімнің есігін айқара ашып.
Ғасыр асты,
көргеміз жоқ еш шай деп,
Жапсырмағың әкеліп маған қай кеп?
Шикіл сары, көзі кек немеремнің
Атын қойдым кәдімгі Қойшыбай деп.
Тырнағымның астынан кір іздеме,
Біздің достық, емес қой круиз кеме.
Байтақ далам ризық жүз ұлтқа
Сылтауратып сен жоқты кіржіңдеме!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлтым десем шығасың саққа жорып өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ұлтым десем шығасың саққа жорып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлтым десем шығасың саққа жорып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлтым десем шығасың саққа жорып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері