Айтыстың, аянбадың – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Айтыстың, аянбадың» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 590
Айтыстың, аянбадың,
Айтшы не өндіре алдың?
Жамандап жаныңды салдың,
Кімді оған сендіре алдың?
Әккілік айла, амалыңмен
Биіктің бәрін де алдың,
Тек адамдық биігі бұйырмай,
Қауымнан ала аяқ ат алған
Сол жексұрын күйінде қалдың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері