Шет елдерге үлестіріп кен көзін – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Шет елдерге үлестіріп кен көзін» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 606
Шет елдерге үлестіріп кен көзін,
Бауырларым қалып қойма кенде өзің.
Елге алақан жәйіп қалған кешегі
КСРО-дай болып жүрме пенде өзің.
Баю киын, жарлы болу оп-оңай,
Ел басынан өткен құқай ол талай.
Жарты әлемді билеп, беріп келіп кеп,
Мұндай күйге түсіп қалды-ау, ой тоба-ай.
Жеріндегі газ, мұнай боп керегі
Пайда көздеп Мұхит асып келеді.
Тұнып тұрған өз байлығы орнында
Қирамаған қалпы жалғыз терегі.
Сенің жерін шұрқ тесік кіл химия,
Қызыл жаға... алады оны кім тия!
Десіп келдік қоса түссек өзіміз
Сорлы далаң бола алады кімге ұя?!
Суын Сыр мен Арал,- Ертіс,
Есілдей Қалды құрып баяғыдай көсілмей.
Аруақтар, келер ұрпақ «қарғыс» деп
Жүрмесе игі бізге мұны кешірмей.
Орталыққа кеткен бұрын байлығың,
Білгеннен соң қалған жүрек шайлығып.
Қам ойлайды, шеттен кірген капитал...
Қалай болар дегенім ғой қаймығып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шет елдерге үлестіріп кен көзін өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Шет елдерге үлестіріп кен көзін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шет елдерге үлестіріп кен көзін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шет елдерге үлестіріп кен көзін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері