Бауырым, сен менімен байқап «ойна» – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бауырым, сен менімен байқап «ойна»» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған бауыр туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 718
Үлкеннен үлгі,
Кішіден ізет!

Бауырым, сен менімен байқап «ойна»
Әркімнің өз мың қойы жүреді ойда.
Болғанмен мансап көзі көк аспанда,
Жер басып жүргеніңді сезбей қойма.
Дарияға өз ақылын теңемес кім,
Қызғанда қабырғасына кім кеңессін.
Қулығын кей пасықтың елемеспін,
Намысын қорғай алмас ез емеспін.
Баянсыз қолдың кірі бак дегенің
Болмайды бүлдірмесі «тақ» дегеннің
Өзіне өзге емес өзі риза
Есерді ерегессем бөктеремін.
Әр ненің даңғыры бар күйге тең бе?
Көгалға қос тігіледі, үйге тең бе?
Құрметті жағынудан айырмасаң
Мен айтып кембағалым, үйретем бе?
Қалдырған талай нақыл бағы заман
Ойы ұшқыр, жаны сергек таныр адам.
Үлкеннен үлгі, жастан ізет дейді.
Кеудеде сәулесі жоқ ұқпас надан.
Уағызынан табылар
Жердің және көктің!
Болашақ танып табынар
Қандай жеміс ектің?
Ризығы болар көптің
Қандай ұрық септің?
Болашақ болар борышты
Қаншама тер тектің?
Өмір деген жылжыған көштің
Бар бағдар барысында,
Ажыратып, қақыратып
Екіге бөле алмас ешкім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бауырым, сен менімен байқап «ойна» өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Бауырым, сен менімен байқап «ойна» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бауырым, сен менімен байқап «ойна» өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бауыр туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бауырым, сен менімен байқап «ойна» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері