Аққу ән! – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Аққу ән!» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 679
Ән қандай, әсем сазды наз үн қандай!
Құрсауы тұла бойдың жазылғандай!
Талдырып тал бойыңды үзілткенде
Тосыннан бір тылсым сыр танылғандай.
Шығандап бір сәт шалқып аспанға өрлеп,
Қалықтап қайта оралып қалқып, көлбеп,
Жалт беріп және аспанға тік шаншылып,
Ақ білек жібергендей серпи демеп.
Сорғалап құйылғанда жел өтінде,
Айдынды қалқып бірде кел бетінде,
Көзіңе елестейді жұбай Аққу
Жәмила-Даниярдың келбетінде.
Ал сазгер атағы асқақ кемел бүгін
Еңбегі әйгілеген кемелдігін.
Сан саққа сәтте сені түсірді ән
Танытып Әлияның шеберлігін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аққу ән! өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Аққу ән! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аққу ән! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аққу ән! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері