Қабыл ал қазақ сәлемін – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қабыл ал қазақ сәлемін» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1640
Ортаңа жаңа келсем де,
Емеспін жай бір таныс жан.
Туысым, досым қадірмен,–
Деп іздеп келдім алыстан.
Қазанның жұрты, қабыл ал
Қазақтың ыстық сәлемін!
Өлкемнің байтақ
есімі
Шарлаған дүние әлемін.
Ақ басын иіп Алатау
Сәлем! – деп қалды көл бұлғап,
Сәлем! – деп қалды Алматы –
Алмалы әсем жасыл бақ.
Жалынды ыстық сәлемін
Паш етіп туған халқымның.
Өлкеңе еріп бізбенен
Келіпті ашық алтын күн.
Қазанның жұрты қабыл ал
Сәлемін достық ниеттің.
Алматымның ыстығын
Жырыма орап сый еттім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қабыл ал қазақ сәлемін өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қабыл ал қазақ сәлемін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қабыл ал қазақ сәлемін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қабыл ал қазақ сәлемін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері