Қарағай – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қарағай» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 706
Зәулім бойың оқтай боп тіп-тік өскен,
Елжірей кеп еркелеп күн тілдескен.
Сынып кетер, иілмес тәкаппарым,
Сені жырлап әлемде кім түгескен.
Іздемепсің орынды саз бен ықтан,
Сені көрген өмірдің мәнін ұққан,
«Көк жартасын Көкшенің қақ айырып,
Қия шыңға қасқайып қалай шыққан!» —
Деп таңданып көрген көз ойға қалған,
Ойға қалған сөзімді демес жалған.
Көк жартастың көз ілер сызатынан
Сынадай боп бой бермей бүршік жарған.
Бүршік жарған еткендей өмірді арман,
Әмірді аңсап шығыпты кім құмардан!
Жаны бардың аңсары – жарық дүние,
Шаруа жоқ күтеді нелер алдан.
Қысса қыста ақ шұнақ аяз қымтап,
Жазда жұлқып көк дауыл соқса бұрқап,
Елен қылмай өмірге ұмтылғандай
Көк жартасын Көкшенің етіп құндақ.
Күрес деген ұғымның үрдісіндей
(Біреу ұғып, біреулер жүр түсінбей)
Қына тасты қақ бөлген нән қарағай,
Сол күрестің кәдімгі үлгісіндей.
Жарық дүние қымбатын танығандай,
Танығандай қадірін жан ұғардай.
Қарағайға қайырылып қарай бердім,
Өмір жайлы ойымнан арыла алмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарағай өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қарағай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарағай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарағай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері