Тайквондист Медетке – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тайквондист Медетке» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 628
Қаршадай болып ұлтының
Намысын қорғап алысқан
Тайквондист Медет атадан
Дарабоз туған арыстан.
Чемпионаттарда әлемдік
Қара белдік үшін сайысып
Тоғыз жасында жұлдыз боп
Қараған күліп ғарыштан.
Корея, Германияда
Чемпионаттарға қатысып
Бірінші, екінші орын ап
Елінің даңқын асырған.
Бұдан соң үш жыл ішінде
Он мәрте жеңіске жетіп
Астана шаңырағына
Жеңістің туын шанышқан.
Он бір-ақ жаста жас ұлан
Батылдығыңа бас ұрам.
Ұлы жеңісің әлі алдында
Таймасын, бағың басыңнан.
Аналық батам бұл берген,
Дарабоз туған асыл жан
Естілсін даңқың келесі
Жиырма екінші ғасырдан.

25.09.2002 жыл.
Астана.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тайквондист Медетке өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Тайквондист Медетке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тайквондист Медетке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тайквондист Медетке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері