Ойлашы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ойлашы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 675
Сыртын сылап адам жақсы бола ма?
Қараға ақ жамағанмен қона ма?
Дейді ғой жұрт: «Адам көркі шүберек»,
Шүберекпен бар олқылық тола ма?
Ажар мәңгі бола ма адам жолдасы?
Өткінші бір шақ емес пе болмашы.
«Өмір озар, ажар тозар» күн барын,
Өзің шырақ, бір азырақ ойлашы.
Алаулаған албырт шағың ол да өтер,
Өкінерсің өткеніне күр бекер.
Болсаң егер жаны сұлу жақсы адам,
Ол қасиет — сүйегіңмен бір кетер.

20.05.1957 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ойлашы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ойлашы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ойлашы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ойлашы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері