Қыз саусағы – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қыз саусағы» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1304
(аударма)

Құдайым-ай, саусақтардың басында
Қаншама әуен, айқай бар!
Күйген саусақ, азап шеккен жасында –
Нәзік қолды байқаңдар.
Құдайым-ау, қаншама үлпіл, діріл бар
Қайғы-мүңды саусақта!
Сол саусақтан тарайтындай ғұмырлар,
тар қапаста қалсақ та.
Нұр шашатын сәулелерім таңдағы,
Сипағаны өбкеннен де тәттірек.
Сүйкімді жан өмірімді жалғады,
Көкірегінде - ақ тілек.
Саусақтар-ай жүз тілде де тіл қатқан.
Үні бірақ ішінде.
Азаптадым,
Салдым талай сынаққа -
даналығы үшін бе...
Көз ілемін шуағымен бес күннің,
Саусақ-жұлдыз бас жағымда жанасты.
Саусақ балы... қанша ләззат кештірдің
Әрі тәтті, әрі ащы...

ИВАН ДРАЧ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз саусағы өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қыз саусағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз саусағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз саусағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері