Бұл бетте «Достық туы» атты Сәбит Мұқанов жазған достық туралы өлең берілген.
Қазақ ССР-нің Мемлекеттік жалауы туралы Указдың жариялануына.
Сан ғасыр тұтасқан бір ел бола алмай,
Меншікті жарқыраған туын тікпей,
Көршілес күшті елдерге тең бола алмай
(Теңдікті тұра алмады алдан күтпей), —
Жүргенде қазақ елі, түнді түріп,
Жарқырап шықты күні ленинизм!
Советтік Ұлы Отанда жаз құлпырып,
Өмірдің жойды жерден ызғар-сызын.
Жасаған еркіндікте халықтарға
Зор туын коммунизм айқын нұсқап,
Партия басшы болып алыптарға
Жөн тартты ленинизм туын ұстап.
Бұл тудың әрбір жібі тірі адамнан
Құралып, кіріскенде қимылына
Тауларды, теңіздерді тың жаралған
Тартты әкеп коммунизм сыйлығына.
Жайнады Қазақстан жалауы да!
Лениндік күн нұрының тармағы боп,
Жіберді гүлге бөлеп даланы да,
Байлықтың нелер түрі қаулады кеп!
Ел болып Октябрьде басты қостық,
Жалынды желбіреген ту ұстадық.
Жасасын коммунистік ұлы достық!
Жасасын коммунистік туысқандық!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі