Биік пенен аласа – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Биік пенен аласа» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 722
Аласасыз биік жоқ,
Биіксіз жоқ аласа.
Мынау дүние бітіспес,
Қайшылығымен тамаша.
Неге құмар сонда осы
Адам біткен биікке?
Аласарған күні олар
Қалып жүр ғой күйікте.
Жұлдыз біткен ғарышта,
Төмен қарап ағады.
Жаның түлер жақсы ойды
Тек тереңнен алады.
Мәуелі бақ жемісі
Тола, төмен өседі.
Ақ қар асқар төсінен
Төмен қарай көшеді.
Биікпін деп бұлғақтау
Өткінші бір көңіл ғой...
«Тозбасты ұста соқпайды.
Жіберсеңіз өмірге ой.
Аласаның, биіктің
Бәрібір бар ақыры.
Аласармас сонда тек
Биік болған ақылы.
Биік емес, жармассақ
Жараспас па санаға?
Топырақта сары алтын
Танылмайша қала ма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Биік пенен аласа өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Биік пенен аласа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Биік пенен аласа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Биік пенен аласа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері