Жұрт аузында жүрген сөзді қайталап – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жұрт аузында жүрген сөзді қайталап» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 583
Жұрт аузында жүрген сөзді қайталап,
Төгілдіріп көсемімсіп айтады-ақ...
Сөзбен бітер істің жоғын қалайық
Ежелден-ақ келеді ғой байқап-ақ.
Кәрілер мен бала қамы деседі,
Сол ғана ма емдер қоғам кеселі?
Зейнеткер деп дабырайтқан азамат,
Зейнет көрмей базарда күн кешеді.
Елу жігіт, алпыста ел ағасы,
Дейтін еді біздің халық данасы.
Орда бұзар, ел басқарар шағында,
Ол зейнеткер, жастарда тақ таласы.
Іс мұндайда қайдан бассын ілгері,
Айналғандай аспанда ай, күн кері.
Алла емес, ауыздарда тек ақша,
Жердің үсті аласапыран жын-пері.
Қоғам мынау алыпсатар қаптаған
Адалдықты аяқ асты таптаған.
Ар, абырой, адамшылық саудада,
Не қалды екен бұл коғамда сатпаған.
Осы болса орнайтұғын ұжмағым,
Біткені артық шығар татар тұз-дәмім.
Нарық түбін парықтамай күмп етіп,
Ұсынған соң халыққа өмір мұздағын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұрт аузында жүрген сөзді қайталап өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жұрт аузында жүрген сөзді қайталап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұрт аузында жүрген сөзді қайталап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұрт аузында жүрген сөзді қайталап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері