Ауыл әйелінің мұңы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ауыл әйелінің мұңы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 632
Имей әсте ешкімге өр басымды,
Көрсетпей-ақ келіп ем көз жасымды.
Мынау заман зілмауыр сындырар боп
Иығымда сездірді қорғасынды.
Көшпей қимай келіп ем ауылымды
Ата-бабам жайлаған сауырымды.
Ағайындар аталас, ауылдастар
Жақсы-жаман бөліскен қауымымды.
Ауыл дерлік қалмады бейнесі де,
Тәптештейін баяндап мен несіне.
Қираған үй, құлаған клуб, дүкендер,
Бомба түскен салады елді есіңе.
«Жетім кезден анам боп аялаған,
Үлгі-өнеге мейірімін аямаған.
Мектебім тұр қалтырап, қалт-құлт етіп,
Мұғалім боп ұзақ жыл саялаған.
Ірге бұзбай отыр ек көшпей қалып,
Дегендейін әліптің артын бағып.
Амал қалмай барады қайтпек керек
Нарық қысты жыландай орап алып.
Қозғалғанда барасың қайда көшіп,
Қай жер күтіп тұр сені май желі есіп.
Қаладағы баспана бас күрделі іс
Күйің қайсы сатып ап етер кәсіп.
Еститінің өзің көр өз күніңді
Тұжырымды тоқ етер сөз бүгінгі.
Өзі көрмек өз күнін болған мынау
Ой тұралап, қылмыстан көз сүрінді.
Көзің кетсе, ториды көршің сені,
Адамдардың ауылда барар жері — Полиция
Оның да мұқтажы көп...
Ісің түссе алады тонап сені.
Қайда барсаң сонымен қорқыт көрі,
Қадам басып ұрынбай көрші ілгері.
Кәрі-құртаң әйтеуір кем-кетіктің,
Басар тауы таусылды, барар жері.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауыл әйелінің мұңы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ауыл әйелінің мұңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауыл әйелінің мұңы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауыл әйелінің мұңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері