Ең қиын жұмбақ деседі адам тегінде

Бұл бетте «Ең қиын жұмбақ деседі адам тегінде» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 559
Ең қиын жұмбақ деседі адам тегінде,
Түсінен гөрі, шатқалы қиын ішінің.
Бір күліп өте шығамыз-дағы көбінде,
Безбенге түсе бермейтіні бар ісінің.
Өзіміз қолдан жасаймыз жақсы адамды,
Ақ көйлек дейміз,
әзілқой дейміз ондайда.
Өкінішті-ақ талдайтынымыз жаманды,
Қасығы келіп тақ еткенінде маңдайға.
Адамның өзі тоғысқан жақсы-жаманнан,
Қиынның бірі – алу ғой адал дос танып.
Кейісең оттай лапылдап, өрбіп жанардан,
Өкінбейтіндей көңілің мүлде бос қалып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ең қиын жұмбақ деседі адам тегінде өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ең қиын жұмбақ деседі адам тегінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ең қиын жұмбақ деседі адам тегінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ең қиын жұмбақ деседі адам тегінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері