Қыз кеткен

Бұл бетте «Қыз кеткен» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 691
Қарақалпаққа

Амудария бойында
Мың ба, бұрын,— жүз кетпен
Жер қазып, су бұрғанда.
Өзенге бір қыз кеткен.
Қарақалпақ қызының
Бетін жуған өзені
Ілкі заман кезінің,
Бір хикая сөзі еді...
Жігітке қыз бұлқына
Ғашық болып жүзі игі,
Жуынам деп толқынға
Жоғалған қыз жүзігі...
Өз тағдырын шеше алмай
Жүрегінде мұз кеткен,
Жан сүйгенін құш алмай
Көк өзенге қыз кеткен.
Өтті ол көрген бір түстей
Бүгін сұлу сол өзен
Ақ мақтаны күмістей
Толқынына Жүздірген.
Қарақалпақ өзі енді
Жерін, суын өзгерткен,
Алайда сол өзенді
Деседі ел қыз кеткен.

1960


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз кеткен өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Қыз кеткен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз кеткен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз кеткен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері