Мағынасыздық – Арман Әділбек

Бұл бетте «Мағынасыздық» атты Арман Әділбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1080
Ұзақ па?
Қысқа ма?
Кім білсін…
Қайтып келеміз
Қозғалмас көлеңкелерден мейлінше запы болған
Қабарыңқы соқпақты бойлап.
Жолдың бір шеті қып- қызыл бояу,
Бір шеті қараңғы түнек.
Аспан жақта темір қазық жұлдызы ағып барады
Жолағын еріне сүйреп.

Қайтып келеміз
Ескі һәм беймәлім әріптер тұнжырай аққан
Арықтың бойымен,
Соңымызда Хантәңір
Ай қадалған құлыптастарға
Самырсын исі бұрқырап тұрған дауысы шағылып
Мұнартып қана қалып барады.
Алдымызда Ван Гок суретіндегі сарғылтым іреңге малынған ауыл,
Немесе,
Коланың қаралтқым қоңыр түсімен көмкерілген шәһар.

Қайтып келеміз
Фәни мен бақидың қиылысында.
Соңымызда төбесіне тұман шөккен
Мешіттер,
Шіркеулер жерленген
Мазарлық.
Алдымызда қистай ұшқан жарық сәулелер
Шыңғыра майысып жұтылар
Алып қара үңгір,
Немесе,
Өмір мен өлімнің жұптасар жібек көрпесі.

Қайтып келеміз
Жүрмеске болмайтын сүрлеуді шиырлап,
Соңымызда бұрыштар,
Шеңберлер,
Қапастар мүлгіиді қуарып.
Алдымызда қапастар,
Шеңберлер,
Бұрыштар ашады құшағын жұтынып.

Нүкте ме?
Сызық па?
Кім білсін…
Қайтып келеміз
Баба мен баланың түйсігінен тоқылған қыл көпір үстінде.
Соңымызда кім қалды?
Алдымыздан кім күтер?
Барлығы сайрап тұр көкейде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мағынасыздық өлеңінің авторы кім?

Арман Әділбек — осы өлеңнің авторы.

Мағынасыздық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мағынасыздық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арман Әділбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мағынасыздық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері