Сені де Алла жаратты
Бұл бетте «Сені де Алла жаратты» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сені де Алла жаратты,
Мені де Алла жаратты
Ләм-мим деуге хақым жоқ,
Сенгенім жерге қаратты...
Сыйқырыңды сал, сиқыр
Аларыңды ал, сүйтіп.
Ақыретті ұмытпа,
Қылымсыған қар сиқыр.
Алла шебер, оны біл
Сұрауы бар әрненің.
Жымысқы қу жылмиған,
Тек сыйқырда пәрменің.
Қу дүниенің жолында
Әзірге емпең қағармыз.
Дойыры тисе ажалдың
Тоңқалаң асып қалармыз.
Дүниеге тойсайшы
Бақиды ойлап қойсайшы.
Тастай керең болмаса,
Осыған құлақ салсайшы.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі