Қос алмадай – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қос алмадай» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 745
Қырғызға

Ерке Алатау қасында
Сүйем егіз елді өскен,
Бір ағаштың басында
Қос алмадай тең өскен.
Тоқтағұлды толғана
Жамбыл талай жырлаған,
Домбырасын қолға ала
Қырғызға қол бұлғаған.
Сырлары аққан дария
Манасың жыр бұлағы,
Тыңдады оны жария
Қазақ, қырғыз құлағы.
Көріп өмір күндізін
Өстің гүлің үзілмей,
Тұлғаң биік қырғызым
Алатаудың өзіндей.
Қазақ, қырғыз елінің
Жайлағаны бір дала,
Екі Алатау биігін
Туғандай-ақ бір ана.

1960


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қос алмадай өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Қос алмадай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қос алмадай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қос алмадай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері