Таң шапағы

Бұл бетте «Таң шапағы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1581
Мінекей таң сарғайды сіберленіп,
Таң қанаты жайылды жұлдыз сеніп...
Жасыл атлас секілді жібек жиек,
Көк белдеуі сары алтын нұрын төгіп.
Шығыр бұйра көк шөпте шық жылтылдай,
Күміс моншақ қойғандай сәнге сеуіп.
Таңғы тәтті тербеліп терең ұйқы,
Жұрт оянды, сыбырлап сыбыс беріп...
Ертеңгі уақыт мұнарлы тамаша жаз,
Сағым ойнайды, күн күліп қараса мәз.
Шеру тарта аспанда тізбектеліп,
Қиқу салған сыңқылдап қараша қаз.
Көкірек керіп жұпарлы ауа жұтқан,
— Аспан ана төсінде балаша қаз.
Қауырсынды қанаты бұлтқа сүңгіп,
Жүзіп барады қуанған балаша мәз.
Өзен ағып гүрілдеп сарқыраған,
Аспанға айна мөлдір су жалтыраған,
Жаңа шығып келе жатқан күңмін көзі,
Сәуле сеуіп, нұр бүркіп жарқыраған.
Алтын шыбық сәулесі көз ұялтып,
Жүзіп қана суда ойнап қалтыраған.
Саңқ-саңқ үріп қорашыл кәрі төбет,
Анда-санда қотанда барқыраған...
Жаңа-жаңа жұрт өріп тұрысып жүр,
Мал өргізіп, мал сауып шығысып жүр.
Иінінде су ағаш суға барып,
Әзіл сөзбен жеңгейлер ілісіп жүр;
Жұмыр торғын жарқылдап ақ балтыры,
Әлденеге сыңқылдап күлісіп жүр.
Құлын, тайлар құлдырап құйрық атып,
Бірін-бірі жарысып, қуысып жүр.
Анау белде қойшы әнін шырқатып жүр,
Жазғы жасыл даланы шулатып жүр.
Жерге қарыс кіргізіп тегершігін,
Тракторын тұлғалы ер тулатып жүр.
Қошқыл қара қорыс қып бұйрат дәнді,
Топырағын туырылтып туратып жүр.
От кеудесін соқтырып машинаның,
Енбек күйін үнімен жырлатып жүр.

1929


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таң шапағы өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Таң шапағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таң шапағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таң шапағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері