Партия, жырым өзіңе

Бұл бетте «Партия, жырым өзіңе» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 857
Әсте бір, жоқ па сүйген асыл жарың,
Тегінде аз жырлайсың ғашық жайын, —
Десе дос, амалым не, мойынға алам,
Алайда, өлеңімнің асылдарын
Арнадым жақсы өмірге, жасырмаймын.
Мөлдір су, жайдары жаз, күзді жырлап
Қызыл гүл, уыз ерін қызды жырлап —
Мен-дағы өзгелердей өскем жас боп,
Бірақ та,— өз ойымша қызығып-ақ
Отанды жырлағаным қызығырақ!
Аумаған күндей жарқын өз қалпынан,
Көрікті шұғылаң бір көз толтырған,
Ұлына мейірімі мол жақсы анадай
Ел қуат алып тұрған ізгі атыңнан
Жырлаймын Коммунистік өз Партиям!
Сенімен бірге туды таң арайы,
Сенімен шықтық шыңға қарап әрі,
Сенімен миллиондар басып қосып,—
Сенімен гүлденді кең дала-дағы,
Сенімен жыр да туды санадағы!
Шаңқылдап көктен шолып қыран ғана
Жататын ұйқыда тек қиян дала,
Жайқалған, көрсең бүгін сай-саласын
Сарқырап өзен жуған бұраң қаға,—
Көркіне жеткендей шақ қиял ғана!
Көз жетпес ұшан теңіз қыр қиыры —
Құрсақты, дәнге буаз тың бүйірі
Моншақтай мөлдіреген ұрық төгіп,
Мәрмәрдай ақ бидайдың әр түйірі,
Қараған қызықтырып жұртты үйірді.
Жез мұртты, жебе сабақ қырда бидай
Көтеріп күнге басып, жерге сыймай,—
Жайқалып, қанаттарын көкке керіп,
Жотадан жел ысқырса — бірге шулай,
Ертіске Қостанайдан тұр қол бұлғай.
Жерімде жатыр байлық ағылып та,
Кендердің неше атасы табылып та
Алынды алтының да, металың да.
Туды әні,— маңғаз алып Магнитка
Қанаты тұр домнаның қағылып та!
Партия, сен арқылы бақыт таптық.
Біз шырқап, шыңға биік қанат қақтық!
Қайнаған Теміртаудың болатынын,
Жырым тек бір тамшысы болса нақтық,
Өзіңнің — өз партиям, құрышыңның
болу да бір ұшқыны маған шаттық!

1960


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Партия, жырым өзіңе өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Партия, жырым өзіңе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Партия, жырым өзіңе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Партия, жырым өзіңе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері