Қарқын

Бұл бетте «Қарқын» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 682
Қыж-қыж қайнап, колхозды елім қырлықтан.
Қақ айырып қыр қыртысын қиратқан.
Толып кеткен жүзі жайнап жалшылар,
Трактордай тұлпарларын тулатқан.
Тоңды тесіп тұлпарының тұяғы,
Туырлықтай турылдырып туратқан.
Еңбекке штаб
— Колхоз күшті-ақ
Туыңды ұстап,
Қарыштап,
Еңбек майдан ордасына тура аттан!
Колхоз, совхоз жаңа ауылдың жаны бұл,
Еліміздің еңбегінің сәні бұл!
Октябрьдің нұры арқылы енбектің
— Туын көкке көтеретін нәрі бұл.
Соққан сендей, аққан селдей екпінді
Еңбекшінің шарықтаған шағы бұл!
Жаппай еңбек,
Колхоз күрлеп,
Байды іркілдек Конфискелеп,—
Дұшпандарға тағы істейміз шабуыл!
Бұл шабуыл шабуыл ма, майдан ба?
Мұнан да зор майдан қалған байларға.
Біз жасаймыз, күресеміз күнбе күн...
Майырылмаймыз мерт қыламыз майданда!
Тап күресін тоқтатпаймыз жеткенше
— Тегісшілдік, тапсыз нұрлы заманға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарқын өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Қарқын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарқын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарқын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері